Дзюдо
25 сәуір 17:17

Қазақстандық дзюдошы 60 келіде АЧ жүлдегері атанды

©

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының балуаны Шерзод Давлатов қола медаль иеленді.

Спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.  Қола жүлде үшін өткен белдесуде Шерзод өзбекстандық Бахром Ботуровты жеңді.

Сондай-ақ Нұраділ Әлжан қола медаль үшін күрескен еді. Алайда тәжікстандық Мухаммадсалех Куватовқа есе жіберді. 

Айта кетейік, бұған дейін 48 келіге дейінгі салмақта Ғалия Тынбаева қола жүлдеге ие болған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport