Дзюдо
9 наурыз 2021 18:19
 

IJF рейтингінде Сметов үш, Смағұлов бес саты жоғары көтерілді

  Пікірлер

blog.share

IJF рейтингінде Сметов үш, Смағұлов бес саты жоғары көтерілді Сурет: olympic.kz

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) кезекті Grand Slam жарысынан кейін спортшылар рейтингін жаңартты. 

blog.share

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) кезекті Grand Slam жарысынан кейін спортшылар рейтингін жаңартты. 

Ташкентте өткен әлемдік Grand Slam кезеңінен кейін қазақстандық спортшылар рейтингте жоғары көтерілді. 

Жаңартылған рейтинг бойынша 60 келіде аталған жарыстың күміс жүлдегері атанған Елдос Сметов 3 саты жоғарылап, екінші орынға көтерілген.

Ал 73 келіде күміспен күптелген Жансай Смағұлов бес саты жоғарылап, 14-ші орынға жайғасқан.  66 келіде жарысты бесінші орынмен аяқтаған Ерлан Серікжанов рейтингтегі орнын сақтап, 12-ші орында тұр.

Жаңартылған рейтинг бойынша қазақстандық спортшылар келесідей орындарда жайғасқан (ТОП-50):

60 кг

Елдос Сметов - 2 орын (5718 ұпай)

Ғұсман Қырғызбаев - 10 (4426)

66 кг

Ерлан Серікжанов - 12 (3831)

Елдос Жұмақанов - 23 (2597)

73 кг

Жансай Смағұлов - 14 (3470)

81 кг

Дидар Хамза - 27 (2090)

Руслан Мусаев - 45 (1026)

90 кг

Ислам Бозбаев - 19 (2626)

+100 кг

Ерасыл Қажыбаев - 37 (1301)
 

Жарнама

Живи спортом!