Дзюдо
3 сәуір 2024 13:13
 

Гонконгтағы Азия чемпионатына баратын құрам іріктелді

  Пікірлер

blog.share

Гонконгтағы Азия чемпионатына баратын құрам іріктелді ©Vesti.kz

20-22 сәуір аралығында Гонконгта өтетін дзюдодан Азия біріншілігіне қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды, деп хабарлайды ҚР ҰОК. 

blog.share

20-22 сәуір аралығында Гонконгта өтетін дзюдодан Азия біріншілігіне қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды, деп хабарлайды ҚР ҰОК. 

Ерлер:

60 келі:  Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев
66 келі:  Ғұсман Қырғызбаев, Жанарыс Рахметқали
73 келі: Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов
81 келі: Абылайхан Жұбаназар
100 келі: Нұрлыхан Шархан
+100 келі: Ерасыл Қажыбаев

Әйелдер:

48 келі: Абиба Абужақынова, Ғалия Тынбаева
57 келі: Бахыт Құсақбаева
63 келі: Эсмигуль Куюлова
70 келі: Екатерина Токарева
78 келі: Маргарита Гриценко, Аруна Жангельдина.
+78 кг. Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова.

Азия чемпионатының жеңімпазы рейтингте 700, күміс жүлдегер 490 ұпай алса, қола медаль алған 2 дзюдошыға 350 балл қосылады.

Айта кетейік, Азия чемпионатына дейін Астанада 10-12 мамыр күндері дзюдодан әлемдік рейтингтік "Qazaqstan Barysy Grand Slam" турнирі өтеді. Бұл дзюдошылар үшін 2024 жылы Парижде өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына ұпай беретін соңғы Grand Slam кезеңі болмақ.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!