Гонконгта дзюдодан Азия чемпионатының соңғы жарыс күні өтіп жатыр. Бүгін татамиге шыққан спортшылар арасынан екі қазақстандық балуан қола медальға таласады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қыздар арасында 78 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Аруна Жангелдина жартылай финалда жапондық қарсыласқа есе жіберіп, кіші финалға қатысу мүмкіндігін алды.
Ал ерлер арасында 100 келіге дейінгі салмақта Нұрлыхан Шархан қола медаль үшін белдеседі. Ол жартылай финалда өзбекстандық Мұзафарбек Туробовқа жол берді. Тап осы балуаннан ол 2023 жылғы жазғы Азия ойындарында да ұтылған еді.
Әзірге, дзюдодан Қазақстан командасы еншісінде 3 қола медаль бар. Ғалия Тынбаева (48 келі), Эсмигуль Куюлова (63 келі) және Жанарыс Рахметқали (66 келі) құрлық додасында үздіктер қатарынан көрінген.