Дзюдо
27 мамыр 2024 17:04

Дзюдодан құрама бапкері ӘЧ-дегі сәтсіздікке қатысты ойын айтты

©olympic.kz

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Ерлан Алпысбаев Әбу-Дабиде өткен әлем чемпионатының нәтижеміне қатысты ойын айтты. 

"Ерлерге қарағанда, қыздар командасын көтеру оңай емес. Абибаның өзін осы деңгейге шығаруға 5 жыл уақыт кетті. Көп қаражат, көп жаттығу қажет.

Әлем чемпионатын бір қоламен аяқтадық. Ғалия Тынбаеваға да сенім артып едік. Ол Астанадағы турнирден соң қалпына келе алмады.

Екатерина Токарева жайлы да солай айтамын. Дегенмен, қыздарымыздың аяқ алысы жаман емес. Мұндай ірі жарыстар психологиялық тұрғыдан үлкен күш береді. Әрі үлкен тәжірибе жинайды", - дейді Алпысбаев.

Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы қоржыына жалғыз қола жүлдені 48 келіде Абиба Әбужақынова салды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport