Ақтауда бапкер Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған дзюдодан әйелдер және ерлер арасындағы ашық Азия кубогі аяқталды, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.
15-ші мәрте өткізіліп отырған мерейтойлық жарыстарға Әзербайжан, Гонконг, Үндістан, Иран, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстаннан 200-ге тарта спортшы қатысты.
Халықаралық дзюдо федерациясының тізіміне енген жарыстарға спортшылар 14 салмақ дәрежесі бойынша қатысты.
Төменде Кубок жүлдегерлерінің тізімі ұсынылған.
Ерлер
- 60 кг:
1. Мурад Мурадли (Әзербайжан)
2. Данияр Құлышев (Қазақстан)
3. Дамир Болатбеков (Қазақстан)
3. Куаныш Жаксылык (Қазақстан)
- 66 кг:
1. Акылжан Жұбатқанов (Қазақстан)
2. Шерхан Бақтығалеев (Қазақстан)
3. Қанат Сейілхан (Қазақстан)
3. Әділет Жолекеш (Қазақстан)
- 73 кг:
1. Ислам Тоқтасын (Қазақстан)
2. Дастан Шаяхметов (Қазақстан)
3. Мухаммадяхиор Мухаммаджонов (Өзбекстан)
3. Канат Абитулы (Қазақстан)
-81 кг
1. Ансарбек Гайнуллин (Қазақстан)
2. Нұрбек Мұрат (Қазақстан)
3. Эльжан Шафиев (Қазақстан)
3. Данил Крылов (Қазақстан)
-90 кг
1. Айдар Арапов (Қазақстан)
2. Аян Байғазы (Қазақстан)
3. Айбол Нысанали (Қазақстан)
3. Мейірлан Максим (Қазақстан)
-100 кг
1. Бейбіт Мәдиев (Қазақстан)
2. Мухаммедали Мавлидов (Қазақстан)
3. Ермұхан Естай (Қазақстан)
3. Ерасыл Нұртаза (Қазақстан)
+100 кг
1. Асадбек Шихназаров (Өзбекстан)
2. Абдулло Худоеров (Өзбекстан)
3. Жамал Фейзиев (Әзербайжан)
3. Эльдар Алиев (Әзербайжан)
Әйелдер:
- 48 кг:
1. Диана Буркеева (Қазақстан)
2. Фатимохон Турсунбоева (Өзбекстан)
3. Жанерке Асқарова (Қазақстан)
3. Улбосын Хакимова (Өзбекстан)
- 52 кг:
1. Толгонай Абеуова (Қазақстан)
2. Меруерт СӘрсенова (Қазақстан)
3. Нұрбала Зайнул (Қазақстан)
3. Айшабиби Мұрадимова (Қазақстан)
- 57 кг:
1. Дина Мұханбет (Қазақстан)
2. Іңкәр Төлепбергенова (Қазақстан)
3. Шырын Қадірсіз (Қазақстан)
3. Ён Нок Лам (Гонконг)
- 63 кг:
1. Самалай Ерғалиева (Қазақстан)
2. Севинч Исокова (Өзбекстан)
3. Айдана Жарбулова (Қазақстан)
3. Дамеля Асылханова (Қазақстан)
-70 кг
1. Мөлдир Нарынова (Қазақстан)
2. Сағира Адиль (Қазақстан)
3. Шынар Ибраева (Қазақстан)
3. Анастасия Маякова (Қазақстан)
-78 кг
1. Аруна Жангелдина (Қазақстан)
2. Назерке Тілеуханова (Қазақстан)
3. Анастасия Нагачевская (Қазақстан)
3. Салтанат Ахметова (Қазақстан)
+78 кг
1. Аида Тойшыбекова (Қазақстан)
2. Нұрғаным Тұршабек (Қазақстан)
3. Толқын Тұрсынақынова (Қазақстан)
3. Мадина Парагульгова (Қазақстан).