Дзюдо
Кеше 18:32
 

Дзюдодан АЧ-де Қазақстан төрт жүлде жеңіп алды

  Пікірлер

blog.share

Дзюдодан АЧ-де Қазақстан төрт жүлде жеңіп алды ©instagram/qaz_team_official

Қазақстан құрамасы дзюдодан Бангкок (Таиланд) қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатын аяқтады.

blog.share

Қазақстан құрамасы дзюдодан Бангкок (Таиланд) қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатын аяқтады.

Қазақстандық дзюдошылар командалық жарыстарда үшінші орын үшін бақ сынады. Алайда, жеңіс тұғырынан көріне алмады.

Құрама Оңтүстік Кореяға 0:4 есебімен жеңіліп қалды. Ал екінші қола үшін күрес Тәжікстан мен Моңғолия арасында өтеді. Финалда Өзбекстан мен Жапония татами үстінде кездеседі.

Осылайша, чемпионатта қазақстандықтар төрт жүлде жеңіп алды. Ғалия Тынбаева (48 келіге дейін), Шерзод Давлатов (60 келіге дейін), Бақыт Құсақбаева (57 келіге дейін) және Мейірлан Максим (90 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!