Абылайхан Жұбаназар Әбу-Дабидегі ӘЧ-ге қатыспайды

Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Әбу-Дабидегі әлем чемпионатына қатыспайтын болды, деп жазады Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі.
Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Әбу-Дабидегі әлем чемпионатына қатыспайтын болды, деп жазады Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі.
"Әлем чемпионатының үшінші күнінде Қазақстан құрама командасынан Эсмигүл Куюлова бақ сынайды. Абылайхан Жұбаназар денсаулық жағдайына байланысты әлем чемпионатына қатыспайды", - делінген хабарламада.
Абылайхан Жұбаназар 81 келі салмақта сынға түсіп жүр. Ол Душанбе мен Астанада өткен Grand Slam турнирлерінде қола жүлдегер атанған.
Жарнама