Қазақстандық дзюдошы Данияр Шамшаев Нұр-Сұлтандағы Азия чемпионатын екі жарым минутта жеңіп шыққан, деп хабарлайды Vesti.kz.
73 келіге дейінгі салмақ финалында 21 жастағы Шамшаев өзбекстандық Муроджон Юлдошевпен 34 секунд белдесті.
Данияр финалға дейінгі үш жекпе-жекте де бір минутқа жеткізбей жеңді: үндістандық Нингтоужама Суреш Сингх пен тәжікстандық Бехрузи Хожазодаға 42 секундтан, ал қырғызстандық Чингисхан Сагыналиевті жығуға 31 секунд уақыт кетірген.