Джиу-джитсу
23 тамыз 2022 09:05
 

Қазақстандық бұрымды джиу-джитсудан халықаралық турнирде жүлде жеңіп алды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық бұрымды джиу-джитсудан халықаралық турнирде жүлде жеңіп алды ©Сурет жеке мұрағатынан

Қазақстандық Дана Төлеужан Гамбургте (Германия) өткен AJP TOUR International PRO - GI & NO-GI халықаралық турнирінде көк белбеулер арасында 55 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық Дана Төлеужан Гамбургте (Германия) өткен AJP TOUR International PRO - GI & NO-GI халықаралық турнирінде көк белбеулер арасында 55 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жарысқа әлемнің 32 елінен 430-дан аса спортшы қатысты. 23 жастағы Дана үшін бұл турнир Испаниядағы жарыстан кейінгі екіншісі. Ол финалға шығу үшін өткен жекпе-жекте төрешілердің шешімімен Даниядан келген қарсыласынан жеңіліп қалғанымен, үшінші орын үшін өткен кездесуде Германиядан келген қарсыласынан басым түсті.

"Мен туринирге жалғыз бардым. Ешқандай қолдау болмады. Жаттығу процесі қиын болды. Мен Парижде күніне екі-үш рет - шамамен бес сағат жаттығатынмын.

Өкінішке қарай, бұл жеткіліксіз болды. Ұзақ жаттығатын болсам, келесі жолы жақсы нәтижеге қол жеткіземін деп ойлаймын", - дейді Төлеужан.

2019 жылы Дана Төлеужан Абу-Дабиде (БАӘ) өткен әлем чемпионатында ақ белбеулер арасында джиу-джитсу фестивалінің күміс жүлдегері атанды. Ол қазір Италияның Рим қаласында тұрады және оқиды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!