10-12 қараша күндері Даугавпилс қаласында (Латвия) өткен джиу-джитсудан әлем чемпионаты аяқталды. Жарысқа 29 елден 600-ге жуық спортшы қатысты. Олардың қатарында Қазақстан құрамасының 80 спортшысы бар, деп хабарлайды Мassaget.kz.
Жасөспірімдер арасындағы Граунд Файт бағдарламасында жерлестеріміз 6 алтын, 5 күміс және 6 қола жүлдеге ие болса, ересектер арасындағы сайыста 6 алтын, 4 күміс және 14 қола медаль жеңіп алды.
Клосс контакт бойынша өткен жекпе-жекте жасөспірімдер – 6 алтын, 6 күміс және 4 қола, ересектер – 9 алтын, 8 күміс және 8 қола, Cелф жарысында 2 алтын, 5 қола медаль олжалады.
Фулл контакт бағдарламасында жасөспірімдер – 6 алтын, 3 күміс және 4 қола, ересектер – 11 алтын, 9 күміс және 4 қола жүлдеге қол жеткізді.
Осылайша, жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы бірінші орынды жеңіп алса, екінші орынға Украина, үшінші сатыға Қырғызстан спортшылары жайғасты.