Интервью
17 наурыз 2023 15:00
 

"Мінесің бе, жеп аласың ба?". Рахмоновтан сыйға берілген жылқы туралы сұрады

  Пікірлер

blog.share

"Мінесің бе, жеп аласың ба?". Рахмоновтан сыйға берілген жылқы туралы сұрады ©ufc.com

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық Шавкат Рахмонов "Вестник ММА" youtube арнасына берген сұхбатында сыйға тартылған жылқы туралы айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық Шавкат Рахмонов "Вестник ММА" youtube арнасына берген сұхбатында сыйға тартылған жылқы туралы айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Америкалық Джефф Нилді UFC 285 турнирінде жеңген Шавкатқа бірнеше сыйлық тарту етілді, соның ішінде белгілі боксшы Мадияр Әшкеев жылқы атады.

- Қазақта сыйлы адамдар мен қонақтарға ат мінгізіп, шапан кигізеді. Бұл біздің мәдениет. Сыйлық кішкентай болса да қуантады. Егер шын көңілмен жасап жатса, мен қабыл аламын", - дейді Шавкат. 

- Мінесің бе әлде жеп аласың ба?

- Білмеймін. Бізде соғым деген бар, бірақ жүйрік атты соймайды. Көкпар атын да соймайды. Союға арнайы жемдейтіндері бар. 

- Саған қандайын сыйлады?

- Әлі білмеймін. 

- Қашан көресің?

- Білмеймін (күледі). Айтады да, сол күйі қалатын кездер болады. Ал Мадияр салмақты жігіт және спортшы. Оның сөзіне күмәнім жоқ. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!