Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында Италияны ойсырата жеңді
Хоккейден Қазақстан құрамасы Рига қаласында (Латвия) өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңінде Италия құрамасын жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Хоккейден Қазақстан құрамасы Рига қаласында (Латвия) өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңінде Италия құрамасын жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Арена-Рига" мұзайдынында өткен кездесу 11:3 (1:0, 2:1, 8:2) есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды.
Ойынның бірінші кезеңі Юрий Михайлистің пайдасына аяқталды. Екінші минутта Қазақстан құрамасы сан басымдылығын сәтті пайдаланып, Роман Старченко есепті ашты.
Tic-Tac-Toe watch #Kazakhstan go!!! ??
— IIHF (@IIHFHockey) May 29, 2021
1-0 early in the first on this ? power play goal! #ITAKAZ #IIHFWorlds pic.twitter.com/iKDy1j4mqA
Екінші кезеңде Италия құрамасы есепті теңестірді. 25-минутта Анджело Мичели шайба соқты. Бірақ артынша Қазақстан құрамасы екі мәрте көзге түсті.
Алдымен 33-минутта Егор Петухов командамызды қайта алға шығарса, үш минуттан кейін Евгений Рымарев есепті еселеді.
Ahead again! Yegor Petukhov nets one to make it 2-1 for #Kazakhstan! ?? #ITAKAZ #IIHFWorlds pic.twitter.com/ycbYDpp7U2
— IIHF (@IIHFHockey) May 29, 2021
Work those angles!!! ? #Kazakhstan leads 3-1 after this Rymarev snipe ?#ITAKAZ #IIHFWorlds pic.twitter.com/1qHgZZfBgA
— IIHF (@IIHFHockey) May 29, 2021
Үшінші кезеңнің басында біздің құрама тағы да сан басымдылығын пайдаланып, Никита Михайлис (41-минутта) есепті 4:1-ге жетккізді. Алайда араға 12 секунд өткенде италиялықтар Никита Бояркиннің қақпасына тағы бір шайба салды. Көзге түскен - Петер Хохкофлер.
46-минутта Михайлистің шәкірттері қарсылас ойыншыларының аздығын пайдаланып, Кертис Волк қанжығасын майлады. Ал екі минуттан кейін Артер Лихотников ойындағы бірінші, 50-минутта екінші шайбасын соғып, есеп 6:2 болды.
Бұдан кейін де Италия құрамасы еңсесін түсірмеді. 51-минутта Алекс Петан шайба соғып, есеп айырмасын қысқартты. Дегенмен 55-минутта Кирил Панюков біздің басымды қайта бес шайбаға жеткізді.
Осыдан кейін 56-минутта Роман Старченко тағы көзге түссе, ойынның аяқталуына екі минут қалған Виктор Сведберг Қазақстанның оныншы шайбасын соқты. Ал ойынға нүктені Егор Шалапов қойды.
So many goals, so few hands to gif and post ?
— IIHF (@IIHFHockey) May 29, 2021
Likhotnikov ??
8-3 #Kazakhstan ?? #IIHFWorlds #ITAKAZ pic.twitter.com/HQays5r6P9
Apparently Likhotnikov only scores NICE goals!
— IIHF (@IIHFHockey) May 29, 2021
And it's 10-3 ? #IIHFWorlds #ITAKAZ pic.twitter.com/Ab9fd1wkVs
Бұл ойыннан кейін Қазақстан құрамасы 10 ұпай жинап, топты екінші орынға көтерілді. Көшбасындағы Финляндия құрамасында да 10 ұпай. Алайда біз қосымша көрсеткіштер бойынша төмен тұрмыз. Италия болса бұл әлем чемпионатында ұпай алмаған жалғыз команда болып тұр.
Енді біздің құрама топтық кезеңнің соңғы ойынын 31 наурыз күні өткізеді. Қарсыласымыз Норвегия құрамасы.
Жарнама