"Вашингтон Кэпиталз" қақпашысы 34 секундта үш шайба өткізді
©americansport
Хоккейден ұлттық лиганың кезекті турында "Чикаго" өз айдынында "Вашингтон Кэпиталз" ойыншыларын қабылдады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Хоккейден ұлттық лиганың кезекті турында "Чикаго" өз айдынында "Вашингтон Кэпиталз" ойыншыларын қабылдады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Бір қызығы, "Вашингтон" қақпашысы Илья Самсонов 34 секундта үш шайба өткізді. Тартысқа толы болған ойын 5:4 есебімен "Чикагоның" пайдасына аяқталды.
Самсонов биылғы маусымда 17 кездесуде қақпасына 40 шайба өткізіп отыр. Ал Овечкин болса ҰХЛ-де 751 шайбасын салды.
Енді турнир кестесінде "Вашингтон Кэпиталз" хоккейшілері 29 матчтың нәтижесі бойынша Шығыс конференциясында 41 ұпаймен екінші орында тұрса, "Чикаго Блэкхоус" 24 ұпаймен 14 орынға жайғасқан.
Жарнама