Стэнли Кубогінің финалындағы ең арзан билет құны 2,4 млн теңге
Хоккейден Стэнли Кубогінің финалдық кездесуінде "Монреаль Канадиенс" пен "Тампа-Бэй Лайтнинг" командалары кездеседі. Осы орайда финалдық серияның ең арзан билеті 2,4 млн теңгені құрайды деп хабарлайды Vesti.kz.

Қос ұжымның арасындағы үшінші кездесуді мұз аренасынан тамашалайтын жанкүйерлер ең қымбат билетті 30,6 АҚШ долларына сатып алатын болады. Ал төртінші ойынның қымбат билеті 32,9 мың долларын құрап отыр.
Еске салсақ, Канадиенс Стэнли Кубогінің финалына 1993-ші жылдан бері енді жолдама алды. Карантин жағдайына байланысты ҰХЛ лигасының жаңа ережесі бойынша жанкүйер саны 3500-ден аспауы тиіс. Нәтижесінде ұйымдастырушылар табыс табу мақсатында билет құнын қымбаттатқан. Екі клуб арасындағы алғашқы матч 29-шы маусымда Тампада өтеді.
Жарнама