"Спартак" шабуылшысы Джейк Виртаненге қыз зорлады дегена айып тағылды, деп хабарлайды Hope Standard.
Басылымның мәлімдеуінше оқиға 2017 жылдың 26 қыркүйегінде Ванкуверде болған. Ол кезде хоккейші Ұлттық Хоккей Лигасында өнер көрсетіп жүрген. Тергеу жұмыстары 2021 жылдың мамыр айында қазір 23 жастағы жәбірленушінің шағымынан кейін басталған.
Аты-жөнін жасыруды жөн санаған бойжеткен хоккейшінің сол кезде өзін зорлағанын, кейін соның салдарынан күйзеліске түскенін айтады. Ал 25 жастағы спортшы болса жәбірленушімен жыныстық қатынасқа түскенін жасырмайды. Алайда бұл мәселені екеуара келіскенін алға тартады.
Спортшының үстінен шағым түскен соң "Ванкувер" клубының басшылығы Джейкті жаттығудан шеттеткен болатын. Артынша ол 2021 жылдың қыркүйегінде Ресейдің "Спартак" командасына ауысты. 2021/22 жылғы ҚХЛ маусымында Виртанен 36 рет айдынға шығып, 16 ұпай (9+7) еншіледі.