Хоккей
27 мамыр 2022 21:26

Ресей мен Беларусь хоккейшілері 2023 жылы өтетін ӘЧ-ге қатыспайды

©euro.com.ua

Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) 2023 жылы өтетін әлем чемпионатында Ресей мен Беларусь құрамаларын қатыстырмайды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

2023 жылғы мундиальді Финляндия мен Латвия қабылдайды. IIHF ұйымы биылғы жылдың сәуір айында Ресейдің Санкт-Петербург қаласын әлем чемпионатын ұйымдастыру құқығынан айырған еді. Соның салдарынан чемпионатты Финляндия қабылдады.

Еске салайық, екі жылдан кейін болатын әлем біріншілігіне элиталы дивизионда орнын сақтап қалған Қазақстан құрамасы қатысады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport