"Күш жетпеді". "Барыстың" бапері мәскеулік командамен ойын жайлы
©"Барыс" ХК
"Барыстың" бас бапкері Юрий Михайлис мәскеулік "Спартактан" ұтылғанына қатысты пікір білдірді.
"Барыстың" бас бапкері Юрий Михайлис мәскеулік "Спартактан" ұтылғанына қатысты пікір білдірді.
"Бірінші кезеңде тамаша ойнады. Қойылған міндетті орындап, өз орындарында ойнады, жылдам қарымта шабуылдар. Екінші кезеңде шайба жанап барып кірді, оғаш гол. Үшінші кезеңде жігіттерді қорғаныста жақсы ойнаңдар деп ескерттік. Бірақ шашыраңқылық кесірінен гол кірді, ары қарай жағдайды түзеуге күш жетпеді", - деп береді бапкердің сөзін "Барыс" сайты.
Еске салайық, Мәскеуде өткен кездесу 5:2 есебімен "Спартак" пайдасына аяқталды. Сырт мұзайдындағы келесі ойынды астаналық команда 20 қараша "Северстальмен" өткізеді.
Жарнама