Құрлықтық хоккей лигасындағы қазақстандық "Барыс" пен петерборлық СКА арасындағы матч кейінге шегерілді. Бұл туралы астаналық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
"СКА хоккей клубының сұранысы және "Барыс" клубымен келісім бойынша лига ҚХЛ спортық регламентінің 56-бабының 1-тармақшасына сәйкес матчті кейінге шегерді:
№ 740 "Барыс" - СКА 2022 жылдың 25 қазанынан 2023 жылдың 13 ақпанына", - делінген хабарламада.