"Барыс" өз айдынында Омбының "Авангардына" ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Астанадағы ойында ресейліктер 2:5 есебімен жеңіске жетті. Кездесудің бірінші ширегінде қонақтардан Александр Дергачев (9-минут) пен Сергей Толчинскийдің (19-минут) шайбасына "Барыстан" Егор Петухов (19-минут) бір голмен жауап берді.
Екінші кезеңде "Авангард" ойыншыларынан Рид Буше (24-минут), Семен Чистяков (26-минут) және Алексей Береглазов (34-минут) көзге түсті.
Ал үшінші кезеңнің алғашқы минутында Линден Вей (41-минут) есеп айырмасын қысқартқанымен, матч соңына дейін таблодағы нәтиже өзгеріссіз қалды.
Еске салайық, Андрей Скабелканың шәкірттері осының алдында дәл осы "Авангардты" 5:3 есебімен тізе бүктірген еді.
Енді Қазақстанның ең үздік командасы құрлықтық хоккей лигасындағы келесі ойынын 18 қыркүйекте "Барыс Аренада" "Сибирьге" қарсы өткізеді.