Хоккей
17 ақпан 2020 16:39

ҚХЛ "Барыс" қақпашысының мықтылығын мойындады

© "Барыс" ХК
"Барыс" қақпашысы Эдди Паскуале Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионаты жиырма бірінші аптасының үздік ойыншысы ретінде мойындалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Өткен аптаның сырт мұзайдындағы ЦСКА және "Автомобилистпен" ойында Паскуале 94,12 пайыз соққылардың бетін қайтарды (жалпы 68, бір ойында орташа - 34), қақпашының сенімділік коэффициенті 2,00.



Сонымен бірге, үздік қорғаушы "Нефтехимик" сапындағы Райан Мерфи, шабуылшы - Никита Сошников ("Салават Юлаев"), үздік жаңа ойыншы - "Ак Барс" форварды Дмитрий Воронков атанды.