Хоккей
3 сәуір 2020 17:34

Қазақстандық клуб "Барсытың" бұрынғы қақпашысымен қоштасты

Сурет: "Алматы" ХК
Хоккейден Қазақстан құрамасы мен "Барыс" командасының бұрынғы қақпашысы Дмитрий Мальгин "Алматы" клубынан кетті, -деп хабарлайды "Шайба.kz".

Өткен маусымда Мальгин 27 матчте ойнап, қақпасына жасалған соққылардың 91,6 пайызын кері қайтарған, қауіпсіздік коэфициенті 2,18. Хоккейші карьерасын қай клубта жалғастыратыны белгісіз.

32 жастағы Мальгин "Алматы" сапына былтыр "Барыстан" ауысқан болатын, ал астаналық команда жүйесінде ол 2013 жылдан өнер көрсетіп келді. Сонымен қатар, өскемендік хоккей мектебінің түлегі "Арлан", "Сарыарқа", "Ертіс" және "Торпедо" командаларында ойнаған.