Әлем чемпионатында Хоккейден Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы екінші ойында ұтылды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
1А дивизионында жерлестеріміз Франция командасымен кездесті. Қорытынды есеп 2:4. Аталмыш матчта "Барыс" клубының оқушылары Роман Ермак пен Артем Авдеенко гол соқты.
Осылайша, жерлестеріміз топтық кезеңде екі ойында екі рет ұтылса, француздар алты ұпаймен турнир кестесінің көшін бастады.