Қазақстандық хоккейшілер ӘЧ-де алғашқы жеңісін тойлады
Хоккейден Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы (U-18) Словакиядағы әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Хоккейден Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы (U-18) Словакиядағы әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Отандастарымыз Дания командасын 4:2 есебімен ұтты. Қазақстан құрамасының сапында Даниил Свинтальский (32-минут), Всеволод Логвин (40-минут), Артем Авдеенко (44-минут) және Алдияр Нұрлан (60-минут) гол салды. Даниялықтар тарапынан Себастьян Расмуссен (38-минут) және Антон Стенбаккен (46-минут) ерекшеленді.
Еске салайық, Сергей Старыгин шәкірттері 1А дивизионында осыған дейін Норвегия (2:9) мен Франция (2:4) хоккейшілеріне есе жіберді.
Жарнама