Қазақстандық хоккейші "Барысты" тастап Еуропаға кетіп қалды
Шабуылшы Батырлан Мұратов "Барыс" жүйесінен кетіп, словакиялық Экстралигадағы "Нове Замки" клубымен келісімшарт жасады, деп хабарлайды Шайба.kz.
Шабуылшы Батырлан Мұратов "Барыс" жүйесінен кетіп, словакиялық Экстралигадағы "Нове Замки" клубымен келісімшарт жасады, деп хабарлайды Шайба.kz.
Өткен маусымда 22 жастағы сатбаевтық хоккейші "Номадта" ойнап, оған ҚХЛ-де өнер көрсету мүмкіндігі берілмеді. Қазақстанның тұрақты чемпионатында ол 47 матчте 32 (10+22) ұпай жинап, плей-оффтағы төрт ойында төрт нәтиежелі (1+3) балл алған.
Есесіне астаналық клуб ешкімге белгісіз, ешқашан кәсіпқой түрде ойнамаған канадалық әуесқой хоккейші Илайджа Вилио және ресейлік қорғаушы Максим Минеевпен келісімшарт жасап отыр.
Еске салайық, Мұратов Ванкувер мен Викториядағы жастар арасындағы әлем чемпионатында алты матчте ойнап, Швеция қақпасына гол салған және үш нәтижелі пас берген. Сонымен қоса, Президент кубогында да "Ақ Барс" қақпасына дәл соққы жасаған еді.
Жарнама