"Қазақстан намысын қорғау мәртебе". Қазақстан құрамасының ойыншысының жанкүйерлерге айтқаны

Қазақстан құрамасының хоккейшісі Даррен Диц команда 2021 жылғы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өте алмағаннан кейінгі қолдаулар үшін жанкүйерлерге алғысын білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстан құрамасының хоккейшісі Даррен Диц команда 2021 жылғы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өте алмағаннан кейінгі қолдаулар үшін жанкүйерлерге алғысын білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Қазақстан намысын қорғау мен үшін мәртебе болды. Мен біздің командамен мақтанамын. Қолдау көрсеткен барлық жанкүйерлерге рахмет!", - деп жазыпты ол Instagram желісінде.
Еске салайық, Юрий Михайлис жаттықтыратын команда Норвегиядан ұтылғаннан кейін (1:3) B тобында бесінші болып, ширек финалға шыға алмады.
Жарнама