Хоккей
16 шілде 2020 12:27

"Қазақстан десек, айтатындары "Борат". "Барыстағы" америкалық хоккейшінің әйелі

Сурет: : instagram.com/barys_official
Хоккейден Қазақстан құрамасы мен "Барыс" қорғаушысы Джесси Блэкердің әйелі Нұр-Сұлтандағы өмірі туралы айтып берді, - деп хабарлайды "Шайба.kz". Америкалық Мелисса Блэкер хоккей маусымы кезінде қай елде тұрып жатқанын достарына айтуға қысылатынын мойындады.  


- Хоккейшінің жары болу қиын емес пе? Ұзақ уақыт үйде болмайды ғой. 

- Жоқ, маған бәрі ұнайды. Сан-Диего тумасы болғандықтан хоккей туралы ештеңе білмейтінмін. Бастапқыда мұның бәріне көнбес едім. Өйткені ол Техаста ойнады, осы жерден үш сағатта ұшып барады. Бірақ келесі жылы ол Германияға аттанамыз деді. Немістер хоккей ойнайды деп ешқашан ойламаппын. Кейін ҚХЛ-ге ауысты, ал бұл ресейлік лига. Ал одан кейінгі екі жыл Қазақстандамыз. 

- Мәссаған, солай ма!

- Бұл жерде Бораттың еш қатысы жоқ. Қазақстанда өте тамаша қалада тұрдық, сондай әсем, ол жерде бәрі жақсы. 

- Борат туралы фильмдегідей ме?

- Ол ел кинода көрсетілгеннен мүлде басқа. Бірақ шынымды айтсам, достарыма Ресейде тұрамыз деп айтамын. Қазақстан десек, олардың да айтатыны: "О, Борат, Борат". Үнемі сол", - дейді ол Bottle Girl Diaries YouTube арнасына берген сұхбатында.