Қазақстан 2027 жылы хоккейден әлем чемпионатын өткізуге өтініш берді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Қазақстаннан бөлек Германия мен Норвегия елдері чемпионатты қабылдауға ниет білдірген.
Германия осыған дейін хоккейден ұйымдастырылған әлем біріншіліктерін 9 рет қабылдаған. Норвегия болса 2010 жылы өткізген еді.
Ал біздің еліміз айтулы жарысты ешқашан қабылдамаған. Алайда әлем чемпионатын жоғары деңгейде ұйымдастыратын мүмкіндігі бар. Себебі Астанадағы "Барыс Аренаға" 11400 жанкүйер сыйса, "Алматы Аренаға" 12500 жанкүйер бір мезетте хоккей ойындарын тамашалай алады.
Келесі әлем чемпионаттары төмендегі елдерде өтеді:
Тампере, Финляндия және Рига, Латвия, 12–28 мамыр 2023
Прага және Острава, Чехия, 10–26 мамыр 2024
Стокгольм, Швеция және Хернинг, Дания, 9–25 мамыр 2025
Цюрих және Фрибург, Швейцария, 15–31 мамыр 2026 жыл.