Хоккей
14 мамыр 2019 18:07
 
Канадада қошеметке бөленген қазақстандық қақпашы "Барыс" жүйесінен кетті

  Пікірлер

blog.share

Канадада қошеметке бөленген қазақстандық қақпашы "Барыс" жүйесінен кетті Демид Еремеев. Сурет: IIHF

"Снежные Барсы" командасы мен Қазақстан жастар құрамасының қақпашысы Демид Еремеев "Сарыарқа" сапына өтті. Бұл туралы қарағандылық клубтың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Өткен маусымда 19 жастағы Ереемеев Жастар хоккей лигасында (ЖХЛ) 45 матчке қатысып, 108 шайба өткізді және 92,3 пайз соққыны қағып, 2,61 сенімділік коэффициентін көрсеткен.

Клубтық деңгейде Еремеев "Барыс" жүйесіне дейін павлодарлық "Мұнайшы" мен "Темиртауда", ал жастар деңгейінде Қарағандының "Юность" командаларында ойнады.

Қыста Еремеев Қазақстанның жастар құрамасына әлем чемпионатының элиталы деңгейінде тұрақтауға көмектесті. Канадада өткен турнирде ол Финляндиямен ойында 51 соққыны өткізбей, жергілікті көрерменнің қошеметіне бөленді.

Айта кетейік, "Сарыарқа" өткен маусымда өз тарихында екінші рет ЖХЛ чемпионы болған.

Жарнама

Живи спортом!