"Жігіттер атылып тұрды". Михайлис "Барыстың" жеңісі туралы
©"Барыс" ХК
"Барыстың" бас бапкері Юрий Михайлис команданың "Торпедоны" ұтқанына қатысты пікір білдірді.
"Барыстың" бас бапкері Юрий Михайлис команданың "Торпедоны" ұтқанына қатысты пікір білдірді.
"Бірінші кезеңде біздің жігіттер жақсы әрі күшті ойнады. Жігіттер атылып тұрды, қозғалыс жақсы болды. Екінші тайм соңында біраз бәсеңдеп қалдық. Үшіншісінде қарсылас барын салды, олардың жоғалтар ештеңесі қалмады. Қорғаныста қарқынды ойнадық. Кейінгі кезеңде Никита Бояркин жақсы ойнады. Бірінші жеңістен кейін ол сенімділік жинады, командаға көмектесе алатынына көз жеткізді", - деп береді бапкердің сөзін "Барыстың" сайты.
Еске салайық, Нұр-Сұлтанда өткен кездесу 4:2 есебімен аяқталды. "Барыс" үшін бұл қатарынан үшініші жеңіс болды.
Жарнама