"Куньлунь Ред Стар" командасы хоккейден Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогына қатыса алмайды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
Осыған байланысты қатысушылар құрамы, сондай-ақ турнир кестесі өзгерді.
Енді жүлде үшін төрт ұжым таласатын болады:" Нефтехимик"," Автомобилист", "Металлург" және "Барыс". Олар бір айналымда ойнайды, содан кейін жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Қазақстан Республикасы Президенті Кубогының жаңартылған кестесі төменде берілген.
16 тамыз (сейсенбі)
15:00 "Нефтехимик" - "Металлург"
19:30 "Барыс" - "Автомобилист"
17 тамыз (сәрсенбі)
15:00 "Автомобилист" - "Металлург"
19:30 "Барыс" - "Нефтехимик"
18 тамыз (бейсенбі)
Демалыс күні
19 тамыз (жұма)
15:00 "Нефтехимик" - "Автомобилист"
19:30 "Металлург" - "Барыс"