Хоккей
19 желтоқсан 2022 15:36
 
Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы топ-дивизионға шыға алмады

  Пікірлер

blog.share

Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы топ-дивизионға шыға алмады ©kazsports

Норвегияның Аскер қаласында жастар арасында (ерлер, U-20) шайбалы хоккейден Әлем чемпионатының І дивизиондағы А тобының ойындары аяқталды, деп жазады Спортты дамыту дирекциясының ресми сайты. Шешуші матчта Қазақстан құрамасы алаң иесі Норвегиядан 3-5 есебімен ұтылып қалды. Осылайша, топта 2-орын алып, Әлем чемпионатының топ-дивизионына жолдама ала алмады. Діттеген мақсатқа жету үшін біздің хоккейшілерге негізгі уақытта жеңіске жету керек еді. Дінмұхаммед Қайыржан осы кездесудегі үздік қазақстандық ойыншы атанды.

Айта кетейік, осыған дейін қазақстандықтар Словенияны (4-2), Данияны (4-0) және Мажарстанды (3-2) жеңген. Ал алғашқы ойында күтпеген жерден Франция құрамасына (2-0) есе жіберді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!