Хоккей
15 сәуір 09:51
 

Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы ӘЧ-де Латвиядан ұтылды

  Пікірлер

blog.share

Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы ӘЧ-де Латвиядан ұтылды ©ҚХФ

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы әйелдер арасындағы әлем чемпионатының IB дивизионы аясындағы соңғы матчтарының бірінде Латвиямен кездескен еді.

blog.share

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы әйелдер арасындағы әлем чемпионатының IB дивизионы аясындағы соңғы матчтарының бірінде Латвиямен кездескен еді.

Ойын барысында қарсылас команда есеп ашып, көп ұзамай басымдығын еселеп, 2:0 есебімен алға шықты. Алайда екінші кезеңде қазақстандық арулар есепті теңестіре алды. Гол авторлары — Мадина Тұрсынова мен Мунира Саяхатқызы. Бұдан кейін София Зубкова шайба салып, Қазақстан құрамасын 3:2 есебімен алға шығарды.

Алайда үш минуттан соң латвиялық хоккейшілер есепті қайта теңестірді. Ал үшінші кезеңде қарсыластар қатарынан жауапсыз төрт шайба соқты. Нәтижесінде ойын 7:3 есебімен Латвия құрамасының пайдасына аяқталды.

Александр Тебеньковтың шәкірттері әлем чемпионатындағы соңғы кездесуін 15 сәуірде Словения құрамасына қарсы өткізеді.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының еншісінде бір жеңіс, үш жеңіліс бар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!