Хоккейден Финляндия құрамасы өз елінде өткен әлем чемпионатының финалында Канаданы ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Тампер қаласындағы финалдық ойын 3:3 есебімен аяқталып, жеңімпаз овертаймда анықталды. Нәтижесінде "суоми" командасы 4:3 есебімен басым түсті. Фин құрамасынан Микаэль Гранлунд (45, 46-минут), Йоэль Армия (55) және Сакари Маннинен (67) шайба салса, үйеңкі жапырақ елінен Дилан Козенс (25-минут), Зак Уайтклауд (58) және Максим Комтуа (59) ерекшеленді.
Осылайша, Финляндия хоккейшілері өз тарихында төртінші рет әлем чемпионы атанды. Үшінші орын үшін өткен матчта чех командасы АҚШ ойыншыларын ұтты.