Гагарин Кубогінің иегері Қазақстан чемпионатында ойнамайтын болды
©hchumo.uz
Ресейлік шабуылшы Михаил Анисин Қазақстан чемпионатында ойнамайтын болды, деп жазады "Вброс по борту" телеграм-арнасы.
Ресейлік шабуылшы Михаил Анисин Қазақстан чемпионатында ойнамайтын болды, деп жазады "Вброс по борту" телеграм-арнасы.
Осыған дейін 34 жастағы хоккейші Ташкенттің "Хумо" командасына ауысатыны туралы жазылған еді.
"Михаил Анисиннің шытырман оқиғалары жалғасуда. Біздің білуімізше ол "Хумо" клубымен екеуара келісімге келе алмаған.
Гагарин Кубогінің 2012 жылғы жеңімпазы енді Беларусь чемпионатына барады", - деп жазады басылым.
Еске салайық, Анисин 2012 жылы Мәскеудің "Динамосымен" Гагарин Кубогін иеленіп, плей-оффта 16 гол салып, үздік сұрмерген атанған.
Жарнама