Хоккей
29 сәуір 2022 10:46

Гагарин кубогінің алтыншы матчі төбелеспен аяқталды

©Sportbox

Мәскеудің ЦСКА клубы Гагарин кубогының финалдық сериясының алтыншы кездесуінде магнитогорскілік "Металлургті" ұтты, ойын соңында екі команда ойыншылары төбелесті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мәскеу клубы өз айдынында 2:1 есебімен жеңіске жетіп, сериядағы тепе-теңдікті қалпына келтірді (3:3). Шешуші ойын ертең, 30 сәуір Магнитогорск қаласында өтеді.

Ойын аяқталуға секундтар қалғанда "Металлург" ойыншысы төбелес шығарып, матч төрешісі төрт хоккейшіні айдыннан қуды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport