Хоккей
27 ақпан 2020 08:33

Fight Nights Global басшысы қазақстандық хоккейші Рыспаевтың жекпе-жегін ұйымдастыруды ойлады

Fight Nights Global президенті Камил Гаджиев қазақстандық хоккейші Дамир Рыспаевтың ММА ережесі бойынша жекпе-жегі Қазақстанда үлкен аудитория жинай алатынын айтады.

"ТМД-да Рыспаевтың қатысуымен жекпе-жек ұйымдастыруды ойладым, өйткені қазақстандық белсенді аудитория бар. Қай елде ММА-ді көп қарайтынын бақылаймыз. Қазақстанда өте көп тамашалайды, онда бәрі Youtube арқылы. Дамир өзін таныстыруды қажет етпейді. Қарсылас дейсіз бе? Кез келген бұзық жігіт, Артюхин болса да. Жақсы бір төбелес болатын еді", - дейді Гаджиев "Игра в тело" Youtube арнасына. 

2015 жылдың 9 қарашасында Рыспаев "Барыс" сапында ойнап жүріп, ҚХЛ матчінде Евгений Артюхинмен төбелескен.



2016 жылы қазақстандық хоккейші "Чемпионат" сайты оқырмандарының тұжырымынша "ҚХЛ-де ең мықты төбелесетін хоккейші" атағын иеленді.



Жоғары хоккей лигасының биылғы маусымында 24 жастағы Рыспаев "Номад" үшін 12 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді.