Елордалық "Барыс" хоккей клубы шабуылшы Али Қасеновпен (екі жылға), Аңсар Шайхмеденовпен (екі жылға) және Алдияр Нұрланмен (үш жылға) екіжақты келісімшартқа қол қойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Жас ойыншылар клуб жүйесінде оқу-жаттығу жиындарына қатысып, қазір Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогіне дайындыққа кірісті.
Сонымен қатар, "Барыс "өткен маусымды "Номад" сапында өткізген шабуылшы Алексей Зубовпен бір жылға екіжақты келісімшартқа отырды.
Алдағы қыркүйекте астаналық клуб КХЛ жаңа маусымы аясында өз алаңында сериялық кездесулерін бастайды.