Хоккей
15 наурыз 2022 15:59
 

Доллардың шарықтауы "Барысқа" қаншалықты әсер етеді?

  Пікірлер

blog.share

Доллардың шарықтауы "Барысқа" қаншалықты әсер етеді? ©hcbarys

"Барыс" президенті Борис Иванищев Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) келесі маусымындағы бюджеті мен  доллар бағасының шарықтауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

blog.share

"Барыс" президенті Борис Иванищев Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) келесі маусымындағы бюджеті мен  доллар бағасының шарықтауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Біздің бюджетіміз онсыз да қысқарған. Әрине доллардың шарықтауы әсерін тигізеді. Негізгі шығындар - әр қалаға ұшақпен ұшу, қонақ үй, хоккейшілердің киімі барлығы долларға сатып алынады. Егер біз ойыншыларға төмен айлық төлесек, ҚХЛ бізді қабылдамай қояды. Ол жақта да айлыққа қатысты белгілі межелері бар. Лиганың межесінен төмен айлық беруге болмайды. Доллардың әсер ететіні белгілі. Бірақ біз келісімшартты теңгемен жасаймыз", - деді клуб басшысы.

Еске салайық, "Барыс" Гагарин Кубогінің бірінші айналымында Магнитогорск қаласының "Металлургіне" есе жіберіп, маусымды аяқтады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!