Хоккей
30 қаңтар 2019 08:19
 
"Бір минуттай демсіз жатты". Бапкер ойын үстінде хоккейшіні өлімнен арашалап қалды

  Пікірлер

blog.share

"Бір минуттай демсіз жатты". Бапкер ойын үстінде хоккейшіні өлімнен арашалап қалды Видеодан алынған кадр

"Союз" командасының бапкері Иван Орлов Федералды хоккей лигасы матчі кезінде ойыншыны өлімнен арашалап қалды. 

Матч кезінде "Союз" ойыншысы Дмитрий Тутуркин қарсыласымен соқтығысып, мұзға құлайды. Бірнеше метр сырғанап барып, хоккейші басымен қоршауға соғылды. Осы сәтте бапкер мүдіріп қалмай, ойыншыға жүгіріп оған алғашқы медициналық көмек көрсетті. 

Бапкер Тутуркиннің тістенген күйі жағы қарысып қалғанын айтады. Орлов басқа хоккейшілердің көмегімен ойыншының аузын ашып, ол тыныс ала бастаған. Бапкер Тутуркиннің қарысқан жағын он рет күш салған соң ғана аша алған. "Ойыншы жалпы бір минуттай демсіз жатты", - дейді Орлов "В городе N" басылымына берген сұхбатында. 

Қазіргі таңда Тутутркин ауруханада жатыр. Оның қабырғалары мен бұғанасы сынған. 

Жарнама

Живи спортом!