Қазақстандық шабуылшы Владислав Сайко "Барыс" жүйесінен кетті де, Беларустік "Гомельмен" келісімшарт жасады.
"Есесіне астаналық клуб басшылығы ешкімге белгісіз, кәсіпқой деңгейде еш ойнамаған канадалық әуесқой Илайдж Вилиомен келісімшарт жасады", - деп жазады "Шайба.kz".
Өткен маусымда Сәтбаевтың 20 жастағы тумасы "Қар Барыстарының" сапында ойнады. Қазақстанның тұрақты чемпионатында ол 39 матчте ойнап, 16 (11+5) ұпай жинады.
2019-2020 маусымында шабуылшы Қазақстан жастар құрамасы сапында Чехияда өткен әлем чемпионатына қатысқан еді. Соған қоса, ол Финляндия мен АҚШ жастар лигасында ойнаған.