Хоккей
26 қараша 2019 18:10

Боченски "Барысқа" оралатынын құлақтандырды.

© "Барыс" ХК
"Барыс" пен хоккейден Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Брэндон Боченски жанкүйерлерге арнап жазған видеосында оралатынын құлақтандырды. 

"Барыстың" барлық жанкүйеріне сәлем. Бұл Брэндон Боченски. Қатты сағындым. Сондықтан 1 желтоқсан "Барыстың" 20 жылдығын атап өту үшін Нұр-Сұлтанға оралуымды асыға күтемін. Бәріңізіді "Барыс-Аренада" көруге үміттенемін. Жақында көрісеміз", - дейді Боченски.

Ал "Барыстың" баспасөз қызметі 1 желтоқсандағы Минск "Динамосымен" матч алдында Боченскийдің ойын свитерін ілу рәсімі өтетінін хабарлады, ал 14:00-де "Барыс-Аренада" жанкүйерлерге арнап қол таңба сессиясы өтеді.