Бүгін, 27 тамыз күні "Барыс" Челябі облысы губернаторының кубогіндегі соңғы ойынын өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Елордалықтар бұл жолы Магнитогорск қаласының "Металлургымен" кездеседі. Челябідегі матч елорда уақытымен 14:00-де басталады. Бұл ойынды тікелей эфирде KHL және KHL Prime телеарналары көрсетеді.
Бұл "Барыстың" аталмыш турнирдегі үшінші матчы болмақ. Астанадықтар алғашқы кездесуде "Автомобилистті" (2:1) ұтса, "Трактормен" (2:3) өткен ойында есе жіберді.