"Барыстың" плей-офф кезеңге өте алу мүмкіндігі бар матчіне тікелей трансляция

Бүгін, 5 ақпанда "Барыс" ХК Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионатындағы сырт мұзайдында матч өткізеді,- деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл ойында қазақстандық команда мерзімінен бұрын плей-офф кезеңге өте алады.

Юрий Михайлис жаттықтыратын команда Новосибирскте "Сибирьмен" кездесу өткізеді. Ойын 18:30-да басталады.
Матчті Qazsport арнасы тікелей көрсетеді. Сонымен қоса, трансляция мына сілтеме бойынша қолжетімді.
Екі команда да ҚХЛ-дің Шығыс конференциясында өнер көрсетеді. "Барыс" 52 матчте 60 ұпай жинап, сегізінші келеді. Ал "Сибирь" тоғызыншы, ресейлік команда бір ойын артық өткізіп, 48 ұпай жинаған.
Жарнама