Хоккей
18 қазан 12:48
 

"Барыстың" жаңа басшысы барлық легионермен келісімшартты үзді

  Пікірлер

blog.share

"Барыстың" жаңа басшысы барлық легионермен келісімшартты үзді ©"Барыс" ХК

"Барыс" хоккей клубына тағайындалған жаңа басшы клубтағы легионерлерді босатты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

blog.share

"Барыс" хоккей клубына тағайындалған жаңа басшы клубтағы легионерлерді босатты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астаналық хоккей клубының бас директоры Нұрлан Оразбаев алғашқы баспасөз конференциясында клубта болатын ауыс-түйістер туралы ақпарат берді.

"Бір-екі күн бұрын Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры тарапынан ұсыныс түсті. Біз спорт министрімен кездесіп, жұмысымның барлық нюанстарын егжей-тегжейлі талқыладық. Бүгіннен бастап клубтың басшысы болып жұмыс істеймін. Менің ұсыныстарым қолдау тапты және бүгіннен бастап бұл өзгерістер орындалатын болады", - деді жаңа басшы.
 
Баспасөз конференциясында Нұрлан Оразбаев "Барыс" хоккей клубы Даниил Апальков және Владислав Кодоламен келісімшартты бұзатынын жеткізді. 

"Сол сияқты біз барлық легионер - солтүстік америкалық ойыншылардың агенттеріне келісімшартты бұзу туралы хабарламалар жібердік. Құрамда Маттссон, Бурдасов, Николишин, Жафяров, Сетдиков, Бочаров, Камалов, Антипин және Хохлов қалды. Қалған ойыншылар ұлттық құраманың кандидаттары, біздің жергілікті тәрбиеленушілеріміз", - деп атап өтті жаңа басшы.

Еске салайық, 2018 жылғы 59 жасында "Барыстың" президенті болып тағайындалған Иванищев жақында отставкаға кеткен болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!