Омск "Авангардының" директорлар кеңесінің төрағасы Александр Крылов "Сочи" клубының бапкері Андрей Назаровқа матчтағы төбелес үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды "Р-Спорт".
Оның ойынша, бұл жағдай "Авангард" ойыншыларына ауызбіршілікке келіп, 6:4 есебімен ұтуға көмектесті.
"Төбелеске қалай қараймын, әсіресе, "Сочимен" матчтегі? Шынайы болайық: хоккей - контактілі спорт, бірақ, бастысы лас болмау керек. Төбелес - хоккейдің бір бөлігі. Командада "баскесер" ойыншылар түріндегі басымдығы болса, бұл бір бөлек әңгіме. Бірақ ол кезде бізді шақырды, біз қабыл алдық. Андрей Назаровқа осындай өзіндік бір тимбилдинг ұйымдастырып, командамыздың бірігуіне мүмкіндік жасағаны үшін рахмет", - дейді Крылов.
Еске салайық, Назаров астаналық "Барысты" 2014/15 және 2015/16 жылғы маусымдарда жаттықтырған.