Хоккей
15 наурыз 2022 17:19

"Барыстың" барлық хоккейшісі командадан кетіп қалуы мүмкін

©"Барыс" ХК

Биыл елордалық "Барыс" командасының шамамен барлық хоккейшілерінің клубпен келісімшарты аяқталады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Біздің қолда бар ақпарат бойынша, биыл 21 хоккейшінің келісімшарты аяқталады. 2022 жылдың 30 сәуірінде Йони Ортио, Роман Савченко, Егор Шалапов, Олле Альсинг, Эрик Мартинссон, Джо Морроу, Валерий Орехов, Әділ Бекетаев, Никита Михайлис, Якоб Берглунд, Кертис Волк, Егор Петухов, Линден Вей, Томаш Юрчо, Якоб Лилья, Коди Куник, Роман Старченко, Аркадий Шестаков, Кирилл Савицкий, Антон Сагадеев, Әлихан Әсетов секілді ойыншылардың шартнамасы мәресіне жетеді. 

Ал Никита Бояркин, Дінмұхамед Қайыржан, Дмитрий Гурков, Ансар Шайхмедденов секілді хоккейшілердің 2023 жылдың 30 сәуіріне дейін, Самат Данияр, Алдияр Нұрланның 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін келісімшарты бар. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport