"Барысқа" жаңа директор мен бас бапкер келді
Астананың "Барыс" хоккей клубына бас директор мен бас жаттықтырушы тағайындалды. Сондай-ақ шетелдік легионерлермен келісімшартын мерзімінен ерте аяқтап жатыр, деп хабарлайды msports.kz сайты.
Астананың "Барыс" хоккей клубына бас директор мен бас жаттықтырушы тағайындалды. Сондай-ақ шетелдік легионерлермен келісімшартын мерзімінен ерте аяқтап жатыр, деп хабарлайды msports.kz сайты.
"Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры" корпоративтік қорының шешімімен Нұрлан Оразбаев "Барыстың" бас директоры болып тағайындалды. Маман клубты 2006-2012 және 2013-2015 жылдары да басқарған.
Командада бас жаттықтырушы қызметіне Ғалым Мәмбеталиев келді. Ал бұған дейін команда тізгінін ұстап келген ресейлік Вячеслав Буцаев көмекші қызметін атқарады.
"Трансферы КХЛ. Хоккей" телеграм арнасының хабарлауы бойынша, елордалық команда шетелдік легионерлермен келісімшартын мерзімінен бұрын аяқтауда. Бұл туралы команда әлі ресми ақпарат жарияламады.
"Барыс" жаңа маусымды сәтсіз бастады. 16 ойынның 13-де ұтылып, Шығыс конференцияда соңғы орында тұр. Келесі ойынын 19 қазан күні Ярославльде "Локомотивке" қарсы өткізеді.
Жарнама