Клуб пен маман арасындағы келісімшарт бір жылға жасалды.
51 жастағы Михайлис "Барыс" жүйесінде 2007 жылдан бері қызмет етуде. 2012/13 маусымында ғана ол "Алматы" клубында болды. Ұзақ жыл "Номад" командасын жаттықтырды. 2018 жылдың басында Қазақстан құрамасы мен "Барыста" Ғалым Мәмбетәлиевтің көмекшісі болды.
Айта кетейік, 2014 жылдан бері "Барыста" Михайлистің ұлы - Никита да ойнайды. Қазір ол Қазақстан құрамасында да өнер көрсетеді.