Хоккей
26 қыркүйек 14:44

“Барысқа“ жаңа бапкер келді

©"Барыс" ХК

"Барыстың" бас бапкері қызметіне Вячеслав Буцаев тағайындалды. Бапкермен жасалған келісім осы маусымның соңына дейін есептелген, деп хабарлайды msports.kz сайты.

Ресейлік маман ойыншы ретінде Олимпиада және әлем чемпионы атанған, сонымен қатар Ресей және Швеция біріншіліктерінде топ жарған. Одан бөлек, ол Ұлттық хоккей лигасында 130-дан астам матч өткізген.

Вячеслав Геннадьевич ҚХЛ-да ЦСКА, "Сочи" және "Нефтехимик" командаларының бас бапкері болған. Соңғы рет жаттықтырушы "Витязь" клубында бас бапкер болып, ҚХЛ 2022-2023 жылдар маусымында команданы плей-офф кезеңіне шығарған.

Евгений Королев, Талғат Жайлауов, Олег Ромашко, Андрей Шаянов, Кирилл Легчаков пен Сергей Тамбулов "Барыс" бапкерлері құрамындағы жұмыстарын жалғастырады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport